Шымкентте жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар өткізілді

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу болып табылады.

Осы бағытта «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынана  «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери патриоттық қоғамдық қозғалысының Шымкент қаласы бойынша филиалы құрылып, бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асырылған.

 Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жоба аясында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, «Саламатты Жас Сарбаз», «Смарт Сарбаз» байқаулары мен «Айбын дарыны»,  «Айбын жұлдызы» интеллектуалдық ойынына жастар қатысып, бақ сынасты.

Бүгінде қаладағы жалпы білім беру ұйымдарының жанынан «Айбын» әскери —  патриоттық тәрбие үйірмелері мен клубтар құрылып, жұмыс жүргізуде.

Соның ішінде «Жас зымыраншылар» әскери-патриоттық клубының 15 жас сарбазы «Айбын» Республикалық жиын жарысына қатысуда.