Абай мұрасы өміршең, жылдан жылға өзінің құндылығын арттыра түсуде.
Адамның қасиетін үш-ақ нәрсе нақтылай түседі, ол — ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек — дейді хәкім Абай.
Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толық адам.
Абайдың арманындағы толық адам дінмен дамып, дінмен жетіледі.
Хәкім Абай Алланы тану, Оның сипаттарын білу үшін ғылымды меңгер деді. Бімді болу арқылы ғана біз кемелдікке жетеміз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ІІІ республикалық имамдар форумында «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын қабылдаған болатын.
Мұсылманның тұла бойынан табылуы тиіс білімді болу мәселесін Жеті рухани қазықтың бірі ретінде енгіздік. Өйткені, бүгінгі күш те, қуат та – білімде. Білімді адам ғана бәрін жеңбек.
Қасиетті Құранның да алғашқы аяты «Оқы» деп түскен.
Абай асыл дінімізге тек адамгершілік тәрбие көзі ретінде қарап, осы мақсатта өзіне керегін алды.
Кемеңгерге керегі – сену. Сенім бар жерде адамдық қасиет жоғалмайды.
.Құдай жолында жүру көпке пайдаңды тигізу деп түйіндеді.
Міне, сан ғасыр бойы жеткен Исламның да тірегі осы. Дана ойшыл қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды.
Абайдың діни көзқарастары бүгінгі жаһандану дәуірінде адастырмас бағдаршам іспетті. Бұл бүгінгі қоғамға ауадай қажет.
Мұхтар Әуезов айтқан «Абайдың діні – сыншыл ақылдың, адамгершіліктің діні» деген тұғырлы тұжырым ешқашан да ескірмек емес.
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти