Жастардың салауатты өмір салты — қоршаған ортадан қалыптасады

Шымкент қаласында жастардың салауатты өмір салтын ұстануы үшін барлық жағдайлар жасалуда.  

Қазақстан Республикасының Президенті «Болашақ — жастардың қолында…» дегендей, қаламыздың дамуы мен өркендеуіне үлес қосатын жастардың дені сау, күш жігері мол болуы тиіс!

Жастар денсаулығының қалыптасуына әсер ететін көп факторлардың ішіндегі маңыздыларының бірі сыртқы қоршаған ортаның әсері. 

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені, табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзіндегі барды адамға, жануарға, өсімдікке берген.

Экология өзіңнің тұрған үйіңнің, қоршаған ортаңның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсатта Шымкент қаласында жастар арасында «Эко-Сана» сенбілік акциялары жалғасын тауып келеді.

Өсімдік – тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегі қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады.

Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактериялардың жоятын ерекше зат бөліп шығарады. Оның медицинада алатын орны ұшаң – теңіз. Сондықтан өсімдіктің қызметін бірде–бір жетілген механизм атқара алмайды.

Сол себепті қаламызда қоршаған ортаны қорғауды балабақшадан бастап жастарға экологиялық  тәрбие енгізу арқылы баулып келеміз.

Ата аналар тазалық сақтауды балаларының бойына неғұрлым ерте сіңірсе, соғұрлым іс алға басып, ден сау ұрпақ саны артады.