Мемлекеттік жастар саясаты — саламатты өмір салтын қалыптастырудың негізін қалайды

Қоғамдық қатынастардан туындайтын маңызды салалардың бірі мемлекеттік жастар саясаты болып отыр.

Осы орайда, мемлекеттік жастар саясаты саламатты өмір салтын қалыптастыру құралдары Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңында көрініс тапқан.

Атап айтқанда,  мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары ретінде денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру көрсетілген.

Өз кезегінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде жастар арасында денсаулық сақтау және саламатты өмір салтын насихаттау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, саламатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан жоғары дәрежедегі спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асырады.

Мемлекет тарапынан осындай қолдау жастар арасында саламатты өмір салты қағидаттарын қоғамда енгізуге үлкен оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.