85 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент ҚПД-нің №458 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 21-23 қазан аралығында Шымкент қаласы аумағында «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара өткізу кезеңінде Шымкент қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы, Шымкент қаласы Әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Шымкент қаласы Көлік прокуратурасы қызметкерлерімен бірлескен мобильдік топтар құрылды.

Патрульдік полиция полкінің автоэкипаждарымен жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктер тексерілуде. Іс-шараның 1 күнінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған жалпы 85 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Айта кетейік, қазіргі таңда карантиндік шектеулерге байланысты қала аумағындағы Самал, Бекжан, Алаш және Саяхат автовокзалдары уақытша өз жұмысын тоқтатқан.

Ә. Дәулетбекқызы