Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасымен үздік жастарды мараппаттау рәсімі өтті

Жастар ресурстық орталығында, «IT CAMP» жобасына белсенді қатысқан үздік жастарды мараппаттау рәсімі өтті. Аталмыш жобаның басты мақсаты жастар мен жасөспірімдердің IT саласына қызығушылығын арттыру және IT саласының дамуына мүмкіндік беру болатын.

Жобаға  жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларынан құралған жастар қатысқан. Сайысқа қатысушылар өздерінің жасаған жұмыстарын көрермендерге таныстырып, көпті таңқалдырды.  Жобаға қатысып, бағымызды сынағанымызға дән ризамыз дейді белсенді жастар.

Бөрте Құрбанбай – «Назарбаев зияткерлік» мектебінің 10-сынып оқушысы

Нұрбақыт Әнуаров–оқушы

Сондай-ақжарысқа белсенді қатысқан  1-орын иегерлеріне-300000 теңге, 2-орын иегеріне 200000 теңге, 3-ші орын иегеріне -100000 теңге қаржылай сый ақылар табысталды.

Жанар Бектаева – Шымкент қаласы ішкі саясат  және жастар істері жөніндегі  басқарма басшысы

Айта кетейік IT CAMP жас бағдарламашылар мектебіне 200 оқушы  білім алған. Алдағы уақытта тың жобаларды жүзеге асыратын боламыз дейді сала мамандары.

Ө. Мырзабек