8 нысанда ауыз су жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Абай ауданындағы 8 нысанда ауыз су жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. 5 тұрғын алап пен 2 шағын ауданды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары келер жылы толығымен аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Жиделібайсын мен Гагарин көшелерінің қиылысынан Көкбұлақ тұрғын алабына дейінгі 28,3 шақырымды құрайтын магистралды су жүйесінің құрылысы да кестеге сәйкес атқарылуда.

Абай ауданы аумағында орналасқан Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын үй алабында ауыз су мәселесі өзекті. Мұндағы тұрғындар үй ауласынан құдық қазып күнелтіп отыр. Осының өзін қанағат тұтып отырған тұрғындар, амалдап бау-бақшасынада жайқалтып отырған жайлары бар.

ГҮЛМИРА ИБРАГИМОВА  — «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАБЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Абай ауданындағы  8 нысанда ауыз су жүйесінің құрылысы мамыр айында басталған. Жыл соңында Жаңаталап, Игілік,  Қызылжар,  Тәуелсіздікке — 20 жыл, Көкбұлак тұрғын алабындағы 3500-ге жуық отбасы сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Мердігер компаниялар құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Жиделібайсын  мен Гагарин көшелерінің қиылысынан Көкбұлақ тұрғын алабына дейінгі 28,3 шақырымды құрайтын магистралды су жүйесінің құрылысы да кестеге сәйкес атқарылуда.

ӘДІЛ ҚАЛМЕНОВ  — УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ

Ынтымақ-2 және Батыс шағынауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады. Осы мақсатта биыл бюджеттен 280 миллион теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, Солтүстік саяжай  шағын ауданын ауыз сумен қамту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттар дайындалған, ал Ақтас тұрғын алабына тіршілік нәрін жеткізу үшін жобалық сметалық құжаттар дайындалу үстінде екен.

БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ – АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазіргі таңда Абай ауданының 78,5 пайызы ауыз сумен қамтылған.  Құрылысы жүріп жатқан 8 нысандағы жұмыстар аяқталған жағдайда ауданда ауыз сумен қамтылатын елдімекендер саны 31-ге жетіп, 87 пайызды құрамақ.

Ақпарат көзі Оңтүстік телеаранасы