Әлеуметтік желіде көшелердің бірінде сумен дезинфекциялауға қатысты қала әкімі түсіндірме берді

«Әлеуметтік желіде көшелердің бірінде сумен дезинфекция жасалып жатқанын айтып, таралып жатқан видеоға қатысты түсіндіргім келеді»- деп жазады өзінің instagram парақшасында қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Шын мәнінде, бұл арнайы ерітінді, ол кәдімгі суға сірке қышқылы (надуксусная кислота) қосылады. Арнайы ерітінді ДДСҰ ұсынған химиялық дезинфекциялық құралдардың тізіміне енгізілген. Жұмыс концентрацияларында қолданылатын (0,001–0,03%) НУК ерітінділерінің өткір иісі жоқ, жергілікті тітіркендіргіш, кумулятивті әсері жоқ және тыныс алу органдарына травматикалық әсер етпейді. Видеода көрсетілгендей, Еңбекші ауданында жүргізілген дезинфекциялық жұмыстарда аталмыш ерітінді пайдаланылды.

Осыған байланысты сіздерден осындай расталмаған хабарламалардан сақ болуды және ресми ақпарат көздерінен тексеруді сұраймын. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Аман-сау болыңыз!