Карантиннің 2 аптаға ұзартылуына 42500 теңгенің жартысы — 21 250 теңге төленеді

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов карантиннің ұзартылуына байланысты қазақстандықтарға 42500 теңгенің жартысы берілетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұл мәселеге қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бар. Карантиннің 2 аптаға ұзартылуына байланысты төлем міндетті түрде болады. Бірақ жарты сома, яғни 42500 теңгенің жартысы — 21 250 теңге. Оны біздің азаматтар міндетті түрде алады», — деді ол ОКҚ-де өткен брифингте.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті карантин режимін ұзартуды тапсырған болатын.