ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Пандемия кезінде оқушылардың онлайн оқудағы жетістігінен гөрі, кемшіліктер көп. Шәкірттер ұстазбен бетпе-бет жүздесіп, сабақты ауызша айтқанға үйренген. Оның үстіне кей аудандарда ғаламтор желісі жақсы ұстамайды. Осыны ескергендер оқу жүйесіне түрлі көмекші құралдар ойлап табуда. Ал оны қайдан сатып алуға болады? «Шымкент плаза» сауда орталығында оқу әдістемелік құралдарының жәрмеңкесін өтіп жатыр.

Мәдина Тілеулиеваның екі баласы бастауыш сыныпта оқиды. Қала тұрғыны жәрмеңкенің болатынын естіп, сауда орталығына желдей ұшып келді. «Өйткені, көмекші құралдар баланың ойлау қабілетін арттырады», дейді жас ана. 

Мәдина Тілеулиева – Шымкент қаласының тұрғыны

АУДАРМА! Шұғыла кітап баспасының өнімдерін бұрыннан білетінмін. Бұл жолы жеңілдетілген бағада сатылады дегенге, келіп отырмын. Бағалары да қолтаға қонымды. Өзге баспаның кітаптарымен салыстырғанда өте арзан. Сосын ертегі кітаптары да өте жақсы. Бояуы қанық, кітап парақтарының сапасы да көңілден шығады…

Жәрмеңкеде сондай-ақ, балаларға арналған ертегі кітаптар мен таным-түйсікті арттыратын оқулықтардың түр-түрі бар. Айта кетейік, 30 жылдан астам тарихы бар «Шұғыла кітап» баспасы тұтынушының талап-үдесінен шығып келе жатқан бірден бір баспа. Айтпақшы, пандемияға байланысты ұйымдастырылыған телесабақ жобасына тікелей қолдау білдірген де осы ұжым.  Баспахананың әдістемелік жүйесі білім беру ұйымдарынан қолдау тауып отыр.

Азиза Ғазиева – «Шұғыла кітап» баспасының өкілі

Кітап көрмесі желтоқсанның 17-сіне дейін жалғасады. Пандемия кезінде баланың оқу бағдарламасын жіті түсініп, онлайн оқудағы жетістігіне қуанғыңыз келсе, «Шымкент плаза» сауда орталығына келіңіз!

Г. Қалмырзақызы