ЕРІКТІЛЕР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНЕДІ

Биыл волонтерлер жылы. Карантиндік режимге байланысты мәдени шаралар жүзеге аспасада, еріктілер нағыз жанашыр екендерін іспен дәлелді. Оған биыл елде орын алған төтенше жағдайлар дәлел. Олардың еңбегі көпке мәлім. Осыған орай желтоқсан айында волонтерлер жылының жабылуына сәйкес еріктілерді марапаттау салтанаты өтеді.

Қазіргі таңда қалада 3000ға жуық ерікті бар. Олар өз уақытын аямай, өзгелерге көмек қолын созуға асық. еріктілер әлемді шарпыған қауіпті дерт тұсында ешқандай науқансыз-ақ көптеген жастар өз көмегін ұсынып, сырқаттың саябырсуына өз септігін тигізді. Сонымен қатар, Мақтарал, Төлеби аудандарындағы тасқын кезінде де қол қусырып отырмады.

Олар Шымкенттегі саябақтарда көшелерде  тегін медициналық маска таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бағасы шарықтап, сатып алу мұңға айналған медициналық бетпеделерді халық көп шоғырланған аумақтарда үлестірілді. Бұдан бөлек те көптеген игі іске мұрындық болды.

Жұлдыз Балтабаева – «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары

Биыл «Волонтерлік бастамаларды дамыту  үшін шағын гранттар бағдарламасын іске асыру» жобасын ұсынды. Аталған жоба біріңғай волонтерлер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың еріктілік қызметке белсенді қатысуын ынталандыруға бағытталған Олардың еңбегін елеп, марапатқа ұсыну да осы шаралардың бір парасы.

Д.Өмірзақова