Қонақүйде мерекелік кеш өткізген

Елімізде карантин мерзімі Президент пәрменімен тағы екі аптаға ұзартылғаны белгілі. Басты мақсат халықтың қауіпсіздігі. Дегенмен тәртіпке бағынбай сақтық шараларын өрескел бұзып жатқан кәсіп иелері тиылар емес. Шымкенттік мобильді топ мерекелік шара өткізген қонақ үй мен ойын залын анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары,   Қаратау ауданы әкімдігінің қызметкерлері және   аудандық Тауарлармен мен көрсетілетін қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерінен құралған мобиьлді топ «Нұртас» мөлтек ауданы Шұғыла көшесінің бойында орналасқан “Мудрая Сова” қонақ үйінде мерекелік іс-шара өтіп жатқанын анықтады. Осы бойынша аталған демалыс орнында мерекелік іс-шара өткізіп жатқан тұлғалардың жеке басын анықтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасына жеткізіп, түсініктемелері мен қол-саусақ іздері алынды. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

САУДА ҮЙІНДЕ ОРНАЛАСҚАН ОЙЫН ЗАЛЫ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ
Шымкент қаласы Полиция департаментіне “102” байланыс пульті арқылы Түркістан және А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан “СӘТ” сауда орталығында карантин режимі бұзылуда деген хабарлама келген. Криминалды полиция басқармасының қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында сауда орталығының екінші қабатында “PROFIT” ойын залында болған бір азаматша мен бір азаматтан түсініктеме алынды. Олар өздерінің түсініктемесінде “ойын залы жұмыс істеп тұрған жоқ” деп айтып көрсеткен. Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының Жедел тергеу тобы келіп, ойын залындағы компьютерлерді және ойын залының ішіндегі бейнебақылау камерасының сақтау процессорын тәркілеп алып кетті. Тәркілеп алынған айғақты заттарды Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолдаған. Сақтау процессіндегі бейне жазбаны қараған соң шешім қабылдау үшін Шымкент қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолдау мәселесі қаралады.

 ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОҒАЛҒАН БАЛАНЫ ТАУЫП, ОТБАСЫНА ҚАЙТАРДЫ

4 тамыз күні сағат 00:16 шамасында “102” пультіне Шымкент қаласының тұрғыны өзінің ұлының белгісіз бағытқа шығып кеткені туралы хабарлаған. Жедел іздестіру шарасы барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасына бағынысты Патрульдік полиция полкінің 8-рота қызметі аға инспекторлары М.Муратов, Б.Байбатшаев және Н.Ағабек адасып жүрген баланы байқаған. Шапшаң іс-әрекет нәтижесінде полицейлер баланы тауып, анасына аман-есен табыстады.