Қашықтан оқуға дайындық

Биыл оқушылар жаңа оқу жылын мектеп қабырғасында қарсы алмайды. Бірінші қыркүйекте алғашқы қоңырау да онлайн өтуі мүмкін. Қашықтан оқуға қаламыздағы білім мекемелері қаншалықты дайын? Шалғайда орналасқан шағын елді мекендегі балалар жайы не болмақ? Әлеуеті әлжуаз отбасының бүлдіршіндері интернет пен планшетті қайдан табады? Осы сауалдарға әріптесім Перизат Ортай жауап іздеп көрді.

І тоқсан шалғайда орналасқан шағын жинақты аймақтағы мектептерді қоспағанда, еліміздің барлық білім ордаларында 1-11 сыныптарда қашықтан оқыту форматында басталады. Бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша, ахуал жақсарған жағдайда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. Дегенмен, бұл топтарда бала саны 15-тен аспауы тиіс, — дейді қалалық білім басқармасының басшысы.

 Жанат Тәжиева – Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы

Ағымдағы жылы қаламызда 222 мыңнан астам бала орта білім алмақ. Онлайн оқитын оқушылардың барлығы бірдей арнайы құрылғымен жабдықталмағаны белгілі. Оған бәрінің бірдей мүмкіндігі жете бермейтінін ескерген жауаптылар, мектептердегі компьютер, планшеттерді әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы балаларға уақытша үлестіруді қолға алған. Алайда, ол да жеткіліксіз.

Жанат Тәжиева – Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы

Ал, шалғай елді мекендердегі ғаламтор мәселесін шешу үшін басқарма «Қазақтелеком» АҚ-на жүгініп отыр. Жақын арада оң шешімін табатындығын айтады. Биылғы жылы балалардың мектеп формасын сатып алмайтындығын ескерсек, сол қаражатқа қашықтан оқуға қажетті құралдарды сатып алған құба-құп, — дейді басқарма өкілдері.