Қазақстандағы жемқорлықты бақылау көрсеткіші екі жыл қатарынан айтарлықтай жақсарғанын көрсетті

25 қыркүйекте Дүниежүзілік банк «Мемлекеттік басқару индикаторлары» (the Worldwide Governance Indicators, WGI) жыл сайынғы зерттеуін жариялады. Оның аясында әлемнің 214 елінде оның сапасы мен тиімділігі бағаланған.

WGI алты индексті қамтиды: «Сыбайлас жемқорлықты бақылау», «Үкіметтің тиімділігі», «Заңның үстемдігі», «Реттеуші ортаның сапасы», «Саяси тұрақтылық» және «Мемлекеттің есептілігі».Әр бағыт жеке бағаланады.

Нәтижелерді көрсетудің бір тәсілі – пайыздық дәреже шкаласы. Бұл төмен көрсеткіштері бар елдердің пайызын анықтау арқылы өзге мемлекеттер арасындағы жекелеген мемлекеттің жағдайын көрсетеді.

Қазақстан екінші жыл қатарынан «Сыбайлас жемқорлықты бақылау» индикаторы (СБИ) бойынша қарқынды өсімді көрсетіп отыр. Ағымдағы индексте еліміз пайыздық дәрежені 36-дан 43,8%-ға дейін жақсартты. Екі жылда екі есеге (19,7%-дан бастап) артты.