АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Бүгінгі таңда Агенттік жанында қоғам өкілдерінен құрылған консультативтік-кеңесші органдар – жемқорлыққа қарсы бастамалардың негізгі қозғаушы күші.

 «Халық үніне құлақ асатын және әділ мемлекетті», азаматтық бақылау мен мемлекеттік аппараттың есептілігін қалыптастыруда азаматтық қоғам институттарының маңызы зор.

Халықаралық жемқорлыққа қарсы стандарттарды кешенді және толыққанды енгізу, Президент реформаларының үшінші пакетін, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыста жемқорлыққа қарсы ведомствомен ынтымақтасуға азаматтық қоғам өкілдері дайын екендіктерін жеткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы азаматтық қоғам институттары тарапынан бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай жүйелі құқықтық тетігін құру бойынша күш-жігерді біріктіруді, қоғамдық бақылаудың барлық нысандарын іске асырудың, халықаралық жемқорлыққа қарсы ұйымдарды ынтымақтастыққа тартудың нақты тетіктерін қарастыруды ұсынды.

Қазақстанның IX Азаматтық форумы қарсаңында тараптар билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайту үшін республикалық диалог алаңының әлеуетін пайдалану мүмкіндігін талқылады.

Кездесу соңында қатысушылар жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамды жандандыру, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша екіжақты меморандум жасасуға ниет білдірді.