ШЫМҚАЛАДА БАЛАЛАР ҮЙІНЕ АЛМА БАҒЫ ЕГІЛДІ

«Игі істер уақыты». Осылай деп аталатын челендж жалғасын табуда. Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованың игі бастамасына бүгін шымкенттік өкілдер де үн қосты. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қалалалық департаменті ұжымы өз қаржылары есебінен №3 балалар үйіне алма бағын сыйлады.

Аумағы ат шаптырым жерге алма ағаштарын отырғызған жақсылық жаршылары әр талды, ерекше баппен қондырды. Бұған дейін балалар үйінің ауласындағы бұл жерде кәрі тал-дарақтар болатын. Олар жел өті мен қар құрсауына шыдас бермей сынып таусылыпты.

Әли Көмекбаев – ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы

Қазір №3 балалар үйінде 62 жасөспірім тәрбиеленіп жатыр. Соның 10-ы тұл жетім. Үлкендердің үлгілі ісіне разы болған періште пейіл мәз-мейрам. Балалар зау көкке шар ұшырып, арман-тілектерін айтты.

Қырмызы Қожамжарова – Шымкент қалалық №3 балалар үйінің директоры

Әрбір отырғызылған ағаш өмірдің, үздіксіз өсімнің белгісі ретінде тәрбиелік мәнге ие. Алма бағы тәрбиеленушілердің қамқорлығына берілді. Бұйыртса, екі-үші жылда жеміс ағашы алғашқы мәуесін көрсетеді. Осындай игі іске куә болған жас өскін қоршаған ортаға қамқор болуға серт берді. Сыйға-сый, сыраға — бал. Бұдан бөлек, агенттік өкілдері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ой-өрісті дамытатын ойын құралдарын мен түрлі сыйлық үлестірді.

Г. Қалмырзақызы