Шымкент қаласы әкімдігі «Open Space» режимінде жұмыс істейді

Шымкент қаласында қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықпен тығыз байланысты орнату мақсатында «Шымкент – адалдық Алаңы» кеңсесі, әкімдік ғимаратының бірінші қабатында «Ашық әкімдік» және «фронт – офис» жұмысы ұйымдастырылған.

«Шымкент — адалдық алаңы» жобасын халық арасында кеңінен таныту мақсатында арнайы дайындалған эскиздер қала көшелеріне 27 билбордта  және LED-экрандарда  көрсетілген.

«Open Space» пилоттық жобасы аясында Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласының 4 аудан әкімдігі, 5 басқарма, 137 мектеп, 11 емхана және 8 колледж ашық түрде жұмыс жасауға көшкен.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша жұмыстар қала әкімінің апта сайынғы өтетін аппараттық мәжілісінде әкімінің штаттан тыс кеңесшісі «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісінің қатысуымен тұрақты қаралуда.