ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ «ADALDYQ ALANY» КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 19 қараша күні Шымкент қаласының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «ADALDYQ ALANY» кеңсесі ашылды.

Кеңсенің ашылуы Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы аясында мемлекеттік мекемелердің транспаренттілік қағидасына сәйкес жұмыс жүргізуіне бірден-бір септігін тигізеді.

Аталған кеңсенің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған  «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің, «Жалын» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен лентасы қиылды.

Шара барысында қатысушылармен сұхбаттасу жүргізіле отырып, пікір алмасып, бейнероликтер көрсетілді.