Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы таныстырылды

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Оқушылар сарайында ҚР Сыбайлас жемқорлық агенттігі жанынан құрылған ақпараттық- ағартушылық штабының жетекшісі — Ырза Тұрсынзада мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс агенттігі, Парасаттылық агенттігінің директоры Ғанижан Асанұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент  қаласы бойынша департамент басшысының І орынбасары Серікбаев Талғар Әбдінәбиұлын, арнайы келген Агенттік өкілдерін Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева  білім саласындағы жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

Сонымен қатар, қонақтар білім мекемелерінде жұмыс істеп жатқан «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының үйлестіруші орталығы қалалық «Адал ұрпақ» ассоциациясының атқарған жұмысымен танысты.  Ассоциация Президенті Байтас Т. қала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды егжей-тегжейлі баяндап берді.

Қонақтар балаларға Парасаттылық,  «Адалдық сағаттары» жайлы сұрақтар қойды, жұмысқа оң баға берілді.