Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық — ардың ісі» тақырыбында іс-шара өтті

Бүгін «ANTIKOR Life»  жобасы аясында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында   сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған  «Шымкент- Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің отырысы ұйымдастырылды.

«Адалдық — ардың ісі» атауымен өткен іс-шарада салаға жауаптылар әлеуметтік сала қызметкерлерін қоғам дертіне айналған жемқорлықпен күрес мәдениетін қалыптастыруға шақырды.

Басқосуға жобалық кеңсе менеджері Амангелді Айғаным, «Жалын» ЖҰҚБ жоба үйлестірушісі, спикер Сабира Байзақова қатысты. Тараптап тақырып аясында ұсыныстарын ортаға салды.