Шымкент қаласының спорт мектептерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері талқыланды

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ШҚ  №3 – ші ОРМБЖ спорт мектебі  қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері талқыланды.

Жиында «Қазақстан Республикасының  кейбір іс-қимыл мәселелері  бойынша өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның 2020 жылдарға 6 қазандағы №365-VІ ҚРЗ Заңы  үстіміздегі жылдың 17 қазанынан бастап  қолданысқа енгізілгендігі туралы,  «Азаматтық  қызметшілердің кызмет әдебі кодексін бекіту туралы» ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №342 бұйрығы күн тіртібінде қаралды. Бірінші сұрақпен спорт мектебі директорының оқу-ісі  жөніндегі  орынбасары               Е.Жорабеков толық таныстырып  өтті.

Мемлекет   басшысы «Қазақстан Республикасының 2020  жылдарға кейбір заңнамалық актілеріне  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша  өзгерістер мен  толықтырулар  енгізу  туралы»    мектептің зангері Қанатқызы Гүлдана мәлімет берді.  

Заңда мемлекеттік  қызметшілер мен  олардың  отбасы   мүшелеріне  сыйға  тартушының  пайдасына  жасаған  әрекеттері  үшін  сыйлықтарға, материалдық  сыйақыға және қызмет  көрсетуге толық  тыйым  салынған.  Заңға  сәйкес  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы   заңнама квазимемлекеттік  сектор   субъектілеріңде  мемлекеттік  бюджеттен  қаржыландырылатын   жобаларды  сатып алу  және  іске  асыру бойынша  негізгі  шешімдер  қабылдайтын   тұлғаларға   таратылды.

Заңға   туыстардың  бір  ұйымдағы  бірлескен  жұмысының  жекелеген   мәселелерін реттеуге,  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  туралы  хабардар етуге, сыбайлас   жемқорлыққа  қарсы  қызмет   қызметкерлерінің   тұрғын: үй төлемдеріне, квазимемлекеттік   сектор  субъектілерінде  қызметтер құруға және  басқаларға  бағытталған нормалар да  көзделген.

         Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Е.Жорабеков  аталған  екі  мәлімет пен алдағы жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын көрсетеді және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға, оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін кешенді шараларды қамтиды.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек деді.