Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi көп мөлшерде айыппұл салуға əкеп соғады

Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мұндай бұзушылықтар әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар қатарына жатқызылған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 676-бабы осындай қатаң санкцияларды көздейді.