Шымкент қаласының діни нысандарында карантин талаптары қатаң сақталуда

Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Осыған байланысты 2 қарашадан бастап діни нысандардың есігі ашылған болатын.

Бүгінде Шымкент қаласында 106 мешіт бар. Оның ішінде санитарлық нормаға сай келетін 84 құлшылық ордасында намаз оқуға рұқсат етіліп отыр.

Бірақ 65 жастан асқан азаматтарға уақытша мешітке келуге тыйым салынған. Өйткені, ереже бойынша карантин талаптары сақталуы тиіс. 

Бүгінде қаланың қақ ортасында орналасқан мына мешітке 100-ге жуық адамға намаз оқуға рұқсат етілген.  

Сонымен қатар, құлшылық жасаушыларға қойылатын талаптарды қатаң сақтану керектігі тұрақты ескертіледі. Мәселен, бетперде, медициналық қолғап болуы керек.  Және намаз оқу кезінде екі метр ара қашықтық сақталуы тиіс.

Ауаны  әр үш сағат сайын тазартып отыру үшін, құлшылық ордасында  15 минуттан артық отырмауға  шақырады.

Ақпарат көзі: shymkenttv.kz