Шымкент: НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің мақсаттарын түсіндіруге арналған семинар өтті

Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары

Б.Алипбектің төрағалығымен жергілікті атқару және өкілді мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен «Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап, жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу міндеттілігі туралы қағидалары қолданысқа енгізілгендігі түсіндірілді.

НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің басты мақсаты — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тиімділігін арттыру болып табылатыны айтылды.

Сонымен қатар, Департаментте 2020 жылдың 10 айында жергілікті мемлекеттік органдардың әлеуметтік қамсыздандыру, ветеринария, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тағы басқа саладағы 56 нормативтік құқықтық актілері тіркелгені жөнінде атап өтілді. 

Семинар қорытындысымен өңірлік норма шығармашылықты бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты күшейту, жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу барысында сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын қатаң сақтау ұсынылды.