Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша ұжымдық талқылау өткізді

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының ұжымы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұжымдық талқылау өткізді.

Жиынға карантин талаптарын сақтай отырып 20 адам қатысты.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының бірнеше баптарына мекеме директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Р.Уразбаева кеңінен тоқталып өтті.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделгендігін мекеме қызметкерлерінің назарына жеткізді.

Сонымен қатар, театрдың көркемдік жетекшісі А.В. Малюченко қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында мекеменің атқаратын жұмыстарына нақты тоқталып, өз әріптестерін қоғаммен бірге күресуге шақырды.