Шымкенттегі карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

Шымкент бас санитар дәрігерінің карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы жаңа қаулысы жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев Шымкенттегі карантин және шектеу шараларын 9 қараша 00:00-ден 23 қараша 00:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына көпшілік жиналатын іс-шаралар (туған күн, мерейтойлар, ұзату, құдалық, той, беташар және басқалары) өткізуге тыйым салынады.

65 жастан асқан тұрғындарға қалада қозғалуға шектеу қойылды.

Сондай-ақ, Шымкентте үш адамнан аспайтын топқа немесе бір отбасы мүшелеріне аулаларда серуендеуге, саябақтарға, алаңдарға, скверлер мен жағалауларға баруға рұқсат етіледі.

Гипермаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер және дүкендер 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Құжатты толығырақ сілтеме бойынша, сондай-ақ Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтынан оқуға ​​болады.