Шымкент: Мәуліт жыры оқылды

Бүгін қасиетті жұма күні Шымкент орталық мешітінде Пағамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге Мәуліт айының құрметі мәуліт жыры оқылып, салауаттар жолданды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имамдар Еркебұлан Қарақұлов, Қазыбек Сарыбаев және дінтанушы Азамат Әбдікерімұлы, ұстаз Мейірбек қари Сәрсенбаев, Нұрсұлтан қари Мамедалиев пен Мұрат Тастанбековтер қатысып, мәуліт жырын оқыды.

Игі шара әлеуметтік желі арқылы таратылып, насихатталды. Шара соңында Құран бағышталып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы арнайы елдің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы үшін дұға жасады.