ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА БАҒЫТТАЛҒАН «ДҮЙСЕНБІЛІК ФУТБОЛ» ӨТТІ

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық ортылығының» қолдауымен және «Nur Otan» партиясы жанындығы «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен  «SPORTVILLA BESIKTAS» ойын-сауық кешенінде «KENES ORTALYGY» жобасы аясында Шымкент қаласының NEET санатына жататын жастар арасында «ДҮЙСЕНБІЛІК ФУТБОЛ» кіші турнирі өтті.

Шымкент жастары арасындағы салауатты өмір салтына бағытталған «Дүйсенбілік футбол» турниріне 12 команда қатысты.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 600 000 тг құрайды.

1-ші орынға 300 000 тг, 2-ші орынға 200 000 тг, 3-ші орынға 100 000 тг көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталады. Сонымен қатар «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» номинациялары да қарастырылған.

Олимпиадалық жүйемен өтетін турнирге «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры демеушілік көрсетті. Коронавирустық инфекцияның алдын-алу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормалар толықтай сақталды.