Шымкент: Саламатты ұрпақ – кемелді елдің келешегі!

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Жұмабекұлының бастамасымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қолдауымен «Аутрич мектебі» жобасы аясында «САЛАМАТТЫ ҰРПАҚ» тақырыбында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.

Турнирдің мақсаты: NEET санатындағы жастарды салауатты өмір салтына насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, аталған санаттағы жастарды спортпен белсенді айналысуға тарту, жастар арасында бұқаралық спортты дамыту болып табылады.

Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабеков және қалалық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ерлан Айтбаев қатысты.

Жалпы жарысқа 16 жас қатысып, жеңімпаздар:

1-орын: Жандар Шынболат (Қаратау ауданы)

2-орын: Жалмагамбетов Қуаныш (Еңбекші ауданы)

3-орын: Юнусов Махмуд (Абай ауданы) атанды.