«Шымкент адалдық алаңы» телевизиялық бағдарламасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікір сайыс өтті

«Шымкент-адалдық алаңы» телевизиялық бағдарламасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте шет елдік үздік тәжірибені Қазақстанға алып келу» тақырыбында пікір сайыс өтті.

Пікір сайыста Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының студенттері Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың  алдын-алу бойынша  өз пікірлерімен бөлісіп, пікір сайысты.

Silkway Халықаралық университетінің студенттері 1-ші орынды иелесенсе, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері 2-ші орынды алды.