Шымкентте дінтанушы және теолог мамандар жастарға онлайн дәріс оқыды

Шымкент қаласы  М. Сапарбаев институтының «Парасат» колледжінде  «ZOOM» платформасы арқылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша  онлайн кездесу өткізілді.

Онлайн форматта өткен іс-шараға Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Нұтаза Тойшиев  «Экстремизм және терроризм: ұғымы, мәні, көріністер формасы»  тақырыбында баяндама жасады.

Кездесу барысында  қазіргі таңдағы діни ахуал, кереғар діни ағымдардың шығу себебі мен қоғамға тигізер зияны және олардың алдын алу шаралары, бүгінгі таңдағы әлеуметтік желілердегі түрлі діни ақпарат көздерін келетін қауіп-қатерлер жайлы кеңінен ақпараттар берілді. Кездесу барысында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берілді.