Шымкентте 10216 әскери бөлімінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша кездесу өтті

Шымкент қаласындағы 10216 әскери бөлімінің жеке құрамына «Діни экстремизм мен терроризм дегеніміз не? Қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризмнен қалай сақтануға болады?»  такырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы К. Рысбеков қатысты.

Қазіргі кезеңде дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданатын экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде. Дін мен оның құндылықтарын бетперде еткен жалған уағызшыларжаһандық деңгейде алауыздық пен өшпенділік туғызып, төзімсіздік пен зорлық орнатуда.

Діни экстремизмнің басты сипаты – дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыру, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, сеніміне немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни тәжірибені қолдану.

Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Экстремизмнің зорлықпен, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп. Экстремизмнің кең мағынасындағы ұғымы – мемлекеттік құрылысты күштеп өзгерту немесе билікті басып алу, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған діни мотивацияланған әрекет және осы мақсатта діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру.

Кездесу барысында  діни экстремизм, радикализм, терроризмге соқтыратын мән-жайлар жайлы кеңінен айтылды.

Әлеуметтік желілерді дұрыс пайдаланумен қатар, кереғар діни ағымдардың белгілеріне жеке-жеке тоқталып өтті.