Діни экстремизмнен сақтану жолдары түсіндірілді

Шымкент қаласындағы ҚР КМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас Ұлан» мектебінің жеке құрамына «Діни экстремизмнен сақтану жолдары» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Кундебай Нұржан қатысты.

Дін дәстүрлі және дәстүрлі емес деп бөлінеді. Дәстүрлі дін – бірнеше ғасыр бойы қалыптасқан дәстүрі, әдет-ғұрпы, қоғамық қатынас нормалары мен отбасылық қарым-қатынасы және белгілі бір ұлттың дәстүрлі өмір сүру формасы мен мәдени құндылықтарын жоққа шығармай, өз ілімі тұрғысынан қабылдап, оған қарсы келмей ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыратын ерекше құбылыс.

Ал дәстүрлі емес діни қозғалыстар – қоғамда тарихи-мәдени тұрғыда қалыптасқан құндылықтарды, салт-дәстүрді танымайтын, оны жоққа шығаратын негізгі діндерден бөлініп шыққан діни ағым.

Әлемде жүз алпыс миллионнан астам адам өзін осы діни қозғалыстардың мүшесіміз деп санайды.

Дәстүрлі емес жаңа діни қозғалыстар туралы ғылымда қалыптасқан ортақ бір атауы жоқ, діни-танымдық журналдарда, газеттер мен басқада бұқаралық ақпарат құралдарында және дінтанушы ғалымдардың еңбектерінде: «тоталитарлық секталар», «іріткі салушы топтар», «дәстүрлі емес діни ғұрыптар», «жаңа діни қозғалыстар» деген түрлі тіркестермен беріліп жүр. Қазіргі қоғамда бұл құбылысқа «діни секта» деген жалпылама атау берілуде.

Ислам діні жақсылыққа, инабаттылыққа, татулыққа, шақырады.

Сонымен қатар, кездесу барысында діни экстремизм, радикализм, терроризмге соқтыратын мән-жайлар айтылды. Әлеуметтік желілерді дұрыс пайдаланумен кереғар діни ағымдардың белгілеріне тоқталып өтті. Сөз соңында кертартпа іс-әрекеттерден сақ болумен діни сергек болуға шақырды.