Шымкентте құрылыс нормаларының сақталу барысы талқыланды

2020 жылдың 27 қазанында сағат 11.30. да «Атамекен» Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық Комитетінің отырысында Шымкент қаласының қалалқы орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Е.Т.Бекболатов «Шымкент қаласында құрылыс нормаларын сақталуы барысы туралы» баяндама жасады.
Отырыста қала аумағындағы заң нормаларын бұза отырып жүргізлген нысандар бойынша айтылды.
Сонымен қатар, Басқарма басшысы Е.Т.Бекболатов «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына Қала аумағындағы барлық кәсіпкерлермен кездесіп, түсндірме жұмыстарын жұргізуді ұсынды.