Шымкентте шағын және орта бизнестегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселесі қаралды

Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері ZOOM платформасы арқылы қаламыздағы шағын және орта кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратындығы айтылды.

Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек.

Осыған байланысты, бизнес  бастаманы қолдау және жеке бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалуы қажет екендігі бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша қаламыздағы шағын және орта кәсіпорын иелері бірқатар маңызды ұсыныстар жолдады.