Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясының біріккен отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясының біріккен отырысы өтті.

Отырысқа  Шымкент қаласы бойынша энергетика және коммуналдық шаруашылық,  құрылыс қалалық орта сапасы және бақылау және тұрғын үй  және тұрғын үй инспекциясы басқармаларының басшылары, «Shymkent» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары және «Шымкент — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы қатысты.

Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері мен осы бағытта Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының 2020 жылдың 10 айында атқарған жұмысы, сонымен қатар, қаламыздағы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалардың іске асырылуы және КТК телеарнасы мен https://www.facebook.com/ әлеуметтік желісінде жарияланған Тұран ықшам ауданындағы тұрғындардың шағымы қаралды.  (көпқабатты үйлерде жылу, газ және жылы судың жоқтығы туралы)

Сонымен қатар, отырысқа «Сайрам – Өркениет» БПҰ-ның төрайымы ZOOM – платформасы арқылы қатысып Сайрам елді мекеніндегі шешімі табылмай отырған коммуналдық мәселелерді айтып өтті. Қорытындысы бойынша комиссия мүшелері тарапынан аталған саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша бірқатар маңызды ұсыныстар беріліп, орындалуы бақылауға алынды.