Шымкентте салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Saulyk» жалпыұлттық жобасы сәтті жүзеге асырылуда

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы колледждің студенттерімен бірлесіп «Birgemiz: Saulyk» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда.

«Birgemiz: Saulyk» жалпыұлттық жобаның негізгі мақсаты — дене тәрбиесі мен спортты насихаттау, бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы балалардың салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласына, науқастарды күтуде көмек көрсетуге волонтерлерді жұмылдыру болып табылады.

Еріктілер салауатты өмір салтын насихаттайды, дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалану принциптерін үйретеді.

Жоба аясында медициналық волонтерлер қарт кісілердің қан-қысымын өлшеп, əлеуметтік көмектер көрсетті.