Шымкентте салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бұқаралық спортты дамыту концепциясы жасалуда

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытудың концепциясы жасалады.

Бүгінгі таңда статистикалық есеп бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294 мың адамға жеткен.

Бұл барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 27,8% екенін көрсетеді. Жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 30%-ға жеткізу көзделуде.

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қалада 856 спорттық нысан тіркелген. Одан өзге, спорт алаңшаларын салуға 95 жер телімі анықталған. Оның ішінде 9 жер теліміне мемлекеттік акт алынған болса, қалған 86 жер бойынша жұмыстар жүргізілуде.