Шымкентте салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «STOP есірткіге жол жоқ» акциясы өтті

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы және Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен адам өміріне қауіп төндіретін есірткі заттарының графикалық үлгідегі жарнамаларын өшіру бойынша «STOP: Есірткіге жол жоқ» жобасы аясында акция өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – жастарға есірткінің зияндылығын түсіндіре отырып, саналыққа, салауатты өмір салтын таңдауға, тазалыққа шақыру. 

Акция аясында аптасына бір рет графикалық үлгідегі есірткі жарнамаларын өшіру жоспарланған.

Іс-шара барысында қала аумағындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына психобелсенді құралдар мен прекусорлардың жарнамасы ретінде салынған 281 графикалық үлгідегі суреттер анықталып, жойылды.

Аталған акцияға «Лига волонтер» еріктілер ұйымы, «Жастар қуаты» волонтерлер мектебі, «Харекет», «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоры, «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігі және «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері тартылды.