ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 1 ЕЛДІ МЕКЕН САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Абай ауданында қазір 25 елді мекен сапалы электрмен қамтылған. Қалған 9 елді мекен жекеменшік трансформатордан жарық алады. Жыл соңына дейін 1 елді мекенде құрылыс аяқталса, 7 елді мекенге жобалық сметалық құжат дайындалған. Ал 1 елді мекенді электр жүйесімен қамту үшін қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс жолданған.

Бұл жөнінде Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов баспасөз брифингте баяндады.

Аудан жетекшісі тұрғындарды газбен қамту жөнінде де егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Қазір ауданда 25 елді мекен табиғи газбен қамтылған, қалған 9 елді мекен қатты отынды пайдаланады.

–Осы жылы халықты көгілдір отынмен қамту үшін 175,2 млн теңге қаржы бөлінген. Аталған қаржы 1 елді мекенде құрылыс жұмысын жүргізуге, 2 елді мекенге жобалық сметалық құжат дайындауға жұмсалады, -деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, 6 елді мекенге газ жүйесін тарту мақсатында жоба дайындау мақсатында энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс беріліп, жобалық сметалық құжат әзірленіп отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі