Еліміздің жастары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 2020 жылдың 22-29 қараша аралығында Шымкент қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.
Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау облыстарының, еліміздің барлық аймағының үздік спортшылары қатысады.
Қалалық көркем гимнастика мектебі спорт кешенінде ұйымдастырылатын додада еліміздің ең үздік былғары қолғап шеберлері бақ сынап, салауатты өмір салтын насихаттайтын болады.
Оның ішінде Олимпиада ойындарына жолдама иеленген боксшылар да бар.
Елдегі бас санитарлық мекеме өкілдерімен бірге жаттығу өтетін залдарды, қонақүйлерді, жекпе-жек өтетін орындар дезинфекцияланады.
Жарыста объектідегі барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталады, спортшылар теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеу (Covid-19) анықтамаларын ұсынады. Жарыс көрермендерсіз өтеді.
Ақпарат көзі: shymkenttv.kz