Қ.Тоқаев: Жемқорлықпен ұсталғандардың мемқызметте жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керек

Жемқорлықпен ұсталған­дардың мемлекеттік қызметте және ква­зимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керек.

Біз сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдар­ды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалып­тас­тыруымыз қажет.

-Адам құқын қорғау жөнінде жаңа шаралар қабылдау өте маңызды. Мен үшін бұл мәселенің мәні зор, — деді Президент.

Құқық қорғау органдары қызмет­кер­лерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекс­ке өзгерістер енгізу керек.