Бүгінде елімізде орын алған коронавирус пандемиясына байланысты көптеген мемлекет тарапынан алдын-алу шаралары қабылданып, бірқатар шектеулер қойылды. Аталған шектеулерге байланысты Шымкент қаласында дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары онлайн форматта тұрақты түрде жүргізілуде.
Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың сәуір-маусым айларында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы-теолог мамандары тарапынан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары онлайн режимде өтуде.
Қазіргі таңға, 9 тікелей эфир (Facebook «Шымкент Дін» парақшасы), 2 онлайн дәріс, 2 телебағдарлама және 9 бейнелекция өткізілді. «Жусан» операциясымен елге оралғандарды дәстүрлі құндылықтарға бейімдеу тақырыбында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Кеңшілік Тышқанұлымен инстограм желісі арқылы тікелей эфир өтіп, қала тұрғындары дін саласында өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына тиімді жауап алды.
Бүгінде осы жүргізіліп отырған жұмыстардың нәтижесінде қаламызда діни ахуалды тұрақты деп бағалауға болады.