Шымкентте діни қызмет саласына басшылықты жүзеге асыратын дін істері басқармасы құрылды

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс алтыншы сессиясы шешімімен Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ішінен дін істері функциясы алынып, жаңадан «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» құрылды.

Шымкент қаласының дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесі діни қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты — қаладағы діни ахуалды зерттеу, конфессияаралық келісімді нығайту,  діни экстремизм мен терроризмнің идеялары таралуының алдын-алу, талдау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын болады.

Шымкент қаласында 11 конфессия, 31 исламдық емес бағыттағы шіркеулер, 137 діни бірлестік, 105 мешіттер қызмет етуде. Аталған діни бірлестіктер мен филиалдар еліміздегі бекітілген заңдылықтар аясында жұмыс жүргізуде және дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде өз үлестерін қосуда.

Қазіргі карантин жағдайына қарамастан діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әлеуметтік желілер арқылы онлайн форматта жүргізілуде.

Дін мәселесі бойынша мазалап жүрген кез-келген сұрақтарыңызды «Дін  мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің фейсбук желісіндегі парақшасында қалдыра аласыздар.