Шымкентте діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша сауат ашу курсы өтті

Шымкенттегі Абдул Хамид Қаттани мешітінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында «Әр аптада бір шара» жобасы аясында діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында офлайн және онлайн түріндегі сайыс өтті.

Алдымен Абдул Хамид Қаттани мешітінің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек діни экстермизм мен терроризмнің алдын-алу маңыздылығына кеңінен тоқталып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізді.

Жарысқа қатысушылар «Ақида», «40 парыз» және «Сияр» пәндері бойынша сұрақ-жауап түрінде сайысқа түсті. Нәтижесінде Дүйсехан Нұрберді – жүлделі бірінші орынға, Мұхаммеджан Зеберхан – екінші орынға, ал Бекасыл Ергешбаев үшінші орынға ие болды.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бағытында өткізілген сауат ашу курсы жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы сый-сияпаттар мен алғыс хаттармен марапатталды.