Дін саласына қатысты Шымкент қаласының тұрғындарына 114 тегін кеңес береді

Шымкент қаласының тұрғындары дін саласына қатысты кеңестер мен психологиялық көмектерді   «114 қауірт желісі» тегін сенім телефоны арқылы ала алады.

Қала тұрғындары қауірт желіге келесі жағдайлар бойынша хабарласа алады:

Егер Сізге ақпараттық және кеңес беру көмегі қажет болса;

Егер сіз деструктивті діни ағымдардың ықпалында болсаңыз;

Егер Сізге діни сипаттағы проблемаларға байланысты психологиялық және заңды көмек қажет болса;

«Сенім телефонына» қоңырау шалу үшін мына нөмерді теру қажет:

қысқа нөмір: 114 немесе 8(800)-0805-114 (Ұялы телефоннан).

Сондай-ақ, кері қоңырауға тапсырыс бере аласыз немесе мына  веб-сайттан онлайн-кеңес ала аласыз: www.114.kz.

Консультациялар тегін және құпия түрде өтеді. Барлық операторлар білікті дінтанушылар болып табылады және дін тақырыбындағы барлық сұрақтарға сенімді жауап бере алады.

Егер мәселе басқа маманды қажет етсе, оператор сіздің проблемаңыздың сипатын анықтайды және сізді теологпен, психологпен немесе заңгермен байланыстыра алады.

Жедел желі аптасына 7 күн 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.

Сайтқа қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз: 114, 8 (800)-0805-114 (Ұялы телефоннан), www.114.kz.