Шымкентте «Діни сауаттылық – діни қауіпсіздігіміздің кепілі» тақырыбында аймақтық семинар өтті

Шымкент қаласында «Діни сауаттылық – діни қауіпсіздігіміздің кепілі» атты аймақтық семинар өз жұмысын бастады.

Семинардың негізгі мақсаты — абақтыдағы және бостандықта жүрген жат ағым өкілдерімен жеке және жалпы кездесулер өткізу және жергілікті ақпарттық насихат тобының (ЖАНТ) мүшелері мен Діни оңалту тобының мүшелерімен тәжірибе алмасу болып табылады.

Семинар жұмысын ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің қолдауымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Имам Матуридидің өмірі мен шығармашылығы  семинарда айтылды.

Аймақтық семинарға арнайы Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Әлішерұлы, ҚМДБ Бас мүфтидің кеңесшісі Бижигит Қойшиев пен Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев, бөлім маманы Нұрбек Рахманқұлын арнайы баяндама оқып, тәжірибесімен бөлісті.