Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының заңы Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының 5-тармағымен әзірленді.

Заң құқықтық салдары ретінде құқықтық реттеудің жаңа құралдарын енгізу, құқық қолдану практикасында туындаған құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның мәртебесі мен ұйымдастырушылық қызметіне қатысты мәселелерді реттеу арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алуды қамтамасыз етуді бөліп көрсеткен жөн.

Әлеуметтік-экономикалық салдар тұрғысынан Заңнан:

— сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік-экономикалық даму факторы ретінде төмендету;

— сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу және салдарын жою;

— азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру күтілуде.

Заң теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.