Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша парасаттылық дәрісі өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен  10 тамыз  «Абай күні» деп  белгіленіп, мерекелер тізбесіне енгізілді.

Биыл Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығы алғаш рет аталып өтуде.     

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де 10 тамыз Абай күніне арналған «Абай және толық адам» тақырыбында парасаттылық дәрісін өткізді.

Іс-шараның мақсаты — жастарды адалдық пен ізгілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Жалпы, Әділдік,  Парасаттылық, Сенімге негізделген қоғам құру және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында агенттік тарапынан жасалып жатқан жүйелі жұмыстар көп.  

Атап айтсақ, елімізде 3361 мектепте — «Адал ұрпақ», 808 жоғары және арнаулы оқу орындарында «Саналы ұрпақ», 4220 парасаттылық мектептері жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, тоқсан сайын «Парасаттылық сағаты» акциясы тұрақты өткізіліп отырады.