Шариғатта өзі білмегенімен, қоймай, өзгені де бұрыс жолға бағыттағандарға қандай ескерту жасалған?

Пайғамбарымыз (с.а.с)  өзінің хадисінде: «Егер бір адам біреуді адастырса, оның күнәсін арқалайды» дейді.  Алғашқы адасқан адам тағы бір адамның дұрыс жолдан таюына мұрындық болса, ең бірінші осы жолға бағыттаған адамның күнәсі еселене беретін көрінеді.

Сондықтан, әрбір адам Ұлы Абай атамыз айтқандай «ақырын жүріп, анық басуға» ұмтылуы керек. Бүгінде қоғамның адасуына әлеуметтік желінің де ықпалы зор.

Әлеуметтік желілерде миллиондаған аудиторияны жинап алып, баюдың жолдарын үйретіп, онымен қоймай діни тұрғыдан түрлі пәлсапаны айтып отыратындар мұның ақыры жақсылыққа апармайтынын білуі керек.

Олар шариғаттағы түрлі діни үкімдерге қатысты сөз қозғамауы тиіс. Бұл тұрғыда арнайы діни білімі бар мамандар ғана айтуы тиіс.

Ата-ананы сыйлау, ағайын-туғанмен жақсы қарым-қатынаста болу деген секілді бәрімізге ортақ міндеттер туралы айтуларына болады.

Ал дін мәселесіне келгенде анық-қанығын өзі де жақсы білмей отырып, өзгелерге үйретемін деу – бос әурешілік.